Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Приозерск қаласында орталық жылу желісінің 70 пайызы тозған.
Жергілікті билік жылу торабының осал учаскелерін анықтап, құбырларды кезең-кезеңімен жаңартып жатыр. Бірақ кешенді жаңғыртуға жергілікті бюджеттің ақшасы жетпейді. Енді мәселе қалай шешілмек?
Қаладағы жылу құбырының ұзындығы 36 400 шақырым. Соның 70 пайызы тозған,-дейді түрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары. Соңғы екі жылда жиі апат болатын бірнеше учаскеле анықталып, құбыр ауыстырылған. Былтыр 3 шақырымы жаңаланды. Биыл жұмысты жалғастыруға бюджеттен 278 млн теңге бөлінген.
Айдын қасқатаев , Қалалық ТҮКШ, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
- Жалпы 3,2 шақырым ауыстырылатын болады. Ағымдағы жылы біз 2 шақырымға дейін ауыстыруға тырысамыз. Енді бұл кезде келісім-шарт екі жылға қарастырылған. Құбырлардан кішігірім ақаулар орын алып тұрады. Жөндеу бригадамыз бар. Қалыпқа келтіріп тұрады. Жиі сыр берген учаскелерді анықтап, оған сараптама жүргізіп отырамыз. Сол бойынша атқарып отырамыз.
Қаладағы жалғыз жылыту орталығы 1973 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір мұнда жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бес қазандықтың үшеуі дайын. Энергетиктердің айтуынша ағымдағы жөндеу жұмысы 70 пайызға орындалды. Жылыту маусымы басталғанша қалған екі қазандық жөнделіп, қажетті жабдықтар алынады. Оған облыстық бюджеттен 150 миллион теңге бөлінеді.
Руслан Ғалымжанов , Жылумен қамту мекемесінің басшысы:
- Енді соңғы нақтылауда, облыстық бюджеттен ақша бөлініп №2, №3 қазандықтарға жөндеу жұмыстары өтеді. Басқадай №5 қазандықта эконамайзер ауысады. Су тазалау, су дайындау сүзгілері толықтай жөндеуден өтті. Сорғылар да жөндеуден өтті. Газ сорғылары да ауыстырылды. Енді 1 қыркүйекке дейін толықтай жөндеуді 100 пайыз өткіземіз.
Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйесіне сараптама жүргізіліп жатыр. Соның негізінде кешенді жаңғырту жұмысына жобалық-сметалық құжат әзірленеді. Ол республикалық бюджетке өтінім жасау үшін қажет. Еске салсақ, 2011 жылы қаңтарда жылу қазандығы істен шығып, мыңдаған тұрғын бірнеше күн жылусыз қалған болатын. Қалада 80 көпқабатты үй бар. Сала мамандары баспаналардың жылыту маусымына дайындығын пысықтап жатыр.
Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит 24KZ