Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Тозығы жеткен жарық және жылу желілерін жаңартуға 13 трлн теңге инвестиция тартылады.
Бұл қаражат Ұлттық жобаны іске асыруға жұмсалмақ. Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту туралы ұлттық жоба алдағы бес жылда іске асырылады.
Қазақстанда артта қалған аймақтарды дамытуға ден қойылады. Ол үшін Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде республикалық бюджеттен қаржыландыруға басымдық беріледі. Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осылай деді. Тозығы жеткен коммуналдық желілерді жөндеп, ескірген құрылғыларды жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады. Айта кетейік, бұл жақында Президент қол қойған ұлттық жоба аясында іске асырылады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, ұлттық жобаны іске асыруға 5 жылда 13 трлн теңгеден астам инвестиция тарту қажет.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Қаражатты 4 қаржыландыру көзінен: отандық және халықаралық қаржы институттарынан; екінші деңгейдегі банктерден; бюджет және Ұлттық қор қаражатынан; акционерлердің — бизнес иелерінің қаражатынан тарту көзделіп отыр.
Су құбырларын салу және пайдалану бойынша жыл соңына дейңн 10 жоба іске қосылады. Осы жөндеу және жаңалау жұмыстары жіті бақылауда болсды. Салаға жауапты әрбір министрлік жұмыс топтарын құрып, апта сайын цифрлық форматта қадағалайды. Ал жобалық офис ай сайын бақылау жүргізеді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Қазір біз ұлттық жобаны іс жүзінде жүзеге асыруға көштік. Пилоттық жоба ретінде 35 табиғи монополия субъектісі (ТМС) бекітілді. Қарастыру сатысында тағы 22 жоба. Жыл соңына дейін 6 инфрақұрылымдық компаниялар тозудың«қызыл» деңгейінен «орташа» деңгейінекөшіп, тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендетеді деп күтілуде.
Келер жылы 10 мың шақырымдай жылу желісі жөнделмек. Электр қуатымен жабдықтауда 46 мың жабдық сатып алып, орнатады. Ол үшін 1 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту жоспарланған.
Ғазиза Мұхамеджанова, Марат Диханбаев, 24kz