Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Ақтауда биыл колледжге құжат тапсырған бір топ студентке веб-сайт жасау жолдары түсіндірілді.
Танымдық шара Маңғыстау-хаб орталығының өндірістік оқу алаңында ұйымдастырылды. Дәріске қатысқан 50-ге жуық бала сайт интер-фейсін жобалау, әзірлеу және кодтау әдістерін іс жүзінде көрді. 3D модельдеу бағдарламасымен танысу, заманауи графикамен жұмыс істеуге арналған арнайы құралдар балаларға зор әсер етті. Ұйымдастырушылар осындай шара өткізу арқылы жас буынның ІТ салаға деген қызығушылығын оятуды жоспарлаған. Айта кетсек, «Жұмысшы мамандықтар» жылы Ақтаудағы кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа мамандық түрлері пайда болып жатыр.
Рустам Гейдаров, студент:
- Компьютерлік дизайн, 3D модельдеумен 9 жасымнан бері айналысып келемін. Ендігі кезек кәсіптік білім алып, өз ісінің кәсіби шебері болғым келеді.
Ғалия Қайратқызы, колледж директорының орынбасары:
- Биыл жаңадан 2 мамандық аштық. Қазір өңіріміздің ең проблемасы — су мен жарық. «Су қондырғыларының операторы» және «Жаңартылатын энергетика». Бізде МАЭК бар, Жаңаөзенде су тұщыту зауыты салынып жатыр. Солар іске қосылғанда бұл ең керек маман болып шығады.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Коде ...