Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
«Таза Қазақстан » онлайн-платформасы арқылы ақмолалықтардан 260 өтініш келіп түсті.
Тұрғындар негізінен абаттандыру мәселелеріне қатысты шағымданған. Оның ішінде қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, көшелерді қалпына келтіру және аумақтарды тазалау секілді мәселелер көтерілген. Тиісті органдар мен коммуналдық қызметтер 240 өтінішке жедел жауап беріп, кемшіліктерді жойған. Қалған арыздар бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Әлем Дауылбаева, цифрландыру басқармасының баспасөз хатшысы:
- Көбіне қоқыс шығару, тұрғын үй ауларында шашылып жатқан құрылыс материалдары және жол бойындағы тұрмыстық қалдықтарға қатысты өтінімдер түседі. Бірақ барлық өтінімді бірдей қарастыра бермейміз. Мысалы, осы 260 шағымның 15-і негізсіз болып шықты. Жұмыстың сапасын да қадағалаймыз.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...