Жас футболшылар тарихи нәтиже тіркеді
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Футболдан чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне 16 елден 36 клуб қатысады. Солардың ішінде «Қайраттың» құрамасы биылғы чемпиондар лигасындағы ең төменгі трансферлік құны бар, ең арзан клуб болып тұр. Салыстыратын болсақ, Қазақстанға келетін «Реал Мадрид» – ең қымбат клуб саналады. Құны – 1,4 млрд еуро. «Қайрат» болса, сол «Реалдан» 109 есе арзан екен. 12,8 млн еуро. Ең қымбат үш құрамның қатарына ағылшынның «Арсеналы» мен «Манчестер Ситиі» кіреді. Ал ең арзандарының үштігіне « Қайраттан » бөлек, кипрлік «Пафос» пен әзербайжандық «Қарабах» енген. Олардың өзі 20-30 млн еуро шамасында бағаланған. Бірақ футболда ақша бәрін шешпейді екен. «Қайрат» өзінен он есе қымбат тұратын клубты да жарыс жолынан ығыстырғаны соған дәлел. Ал алматылық клубқа 50 жылдан аса жанкүйер болып келе жатқан Қадырбек Қарашолақов қазір «Қайраттың» құнынан гөрі қадірі артық дейді.
Қадырбек Қарашолақов, «Қайрат» футбол клубының жанкүйері:
«Қайратқа» соңғы кезде жігер, намыс берген ол – академиясы. Дайындығы, псиологиялық, техникалық тұрғыдан барлық жағынан осындай деңгейге әкелген. Біз осы кезеңге шыққанымыз «Қайрат» үшін үлкен тәжірибе, бұл – қазақ футболы үшін үлкен жетістік.
Азамат Бейбітұлы
Қазақ жастары, нақтырақ айтқанда, 17 және 19 жасқа дейінгі ұлттық құрамамыз футболдан алғаш рет Еуропа чемп ...
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Бауыржан Хасенов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ы ...
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...