Сеулде Қазақстан туралы көрме өтті
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан азаматтарының Корея Республикасына көші-қонына бақылауды күшейтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерімен кездесті.
"Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінде полиция атташесі тағайындалатыны туралы мәселелер талқыланды. Ол Қазақстан азаматтарының осы елде болуын, оның ішінде заңсыз көші-қон және заңсыз еңбек қызметін қадағалайды", — деп жазылған хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауға алды. Анықталған барлық заңбұзушылық дер кезінде тіркеліп, әрі қарай қарастыру үшін Қазақстан Республикасының және Корея Республикасының уәкілетті органдарына жолданады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...
Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ...
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік и ...