Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматы Мәслихатының депутаты Бейбіт Құсайынов электрсамокаттарға қатысты мәселені көтерді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Бейбіт Құсайыновтың сөзінше, Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста электрсамокаттар, мопедтер және электробайктарға қатысты маңызды мәселе талқыланған.
"Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі жол қозғалысы ережелерін білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді", — деді ол.
Сонымен қатар, Бейбіт Құсайынов өзі қаланы жаяу аралағанды ұнататынын, бірақ жүйткіп өткен самокаттар қауіпті екенін жеткізді.
Депутат арнайы тұрақтар орнатылмайынша, қауіпсіз веложолақтар жасалмайынша, жалға беру және жүргізу ережелері қабылданбайынша Алматы қаласында электрсамокаттарды уақытша тоқтатуды ұсынды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы электрсамокаттарға қатысты ауқымды рейд өткізді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Тауда жоғалған үш адамның бірі қаза болды. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті таулы аймақта іздестіру ...
Жаңа интеллектуалды локация «Қолжетімді кітапханалар» бағдарламасы аясында орындалды. Жоба білім беру ортасын цифрлы ...