• 29-04-2026

Семсерлесуден Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды.

Кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, .үш медальдың барлығы — қола жүлде.

Қыздар арасында қылышпен айқасудан Наиля Исхакова үздік үштікке енді. Ал Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде үшінші орын алды.