Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Алдағы күндері Қазақстанда жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін су жаңа жоба пайда болуы мүмкін.
Өйткені бүгін елдегі ІТ мамандары арасында әлемдегі ең үлкен жарыс басталды. Сайыс Астанадан бастап, 20 өңірде өтіп жатыр. Оған бір мезетте 4 мыңнан астам қатысушы қатысуда. Яғни, айти мамандары алдағы 3 күннің ішінде цифрлы тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект арқылы жаңа жоба жасап шығуы керек. Әрі блокчейн технологиясын қолдануы маңызды. Блокчейн дегеніміз кибер қауіпсіздігі мықты әрі сенімді, оңайлықпен бұза алмайтын цифрлы жазба. Ауқымды шараға 18-ден асқан студенттер мен осы саланың жілігін шаққан бағдарламаушылар жиналды. Топ-топқа бөлініп, олар жасаған жаңа жобаны демеуші компаниялар қолдану мүмкіндігіне ие болады. Таланттардың басын қосқан жарыстың жүлде қоры 20 мың доллар.
Айдана Қасқырбек, ұйымдастырушы:
- Жалпы жасанды интеллект арқылы жасалып жатқан тапсырмалардың көбісі хакатондарда жасалады. Әлемде платформаларда ірі технологиялар, компаниялар өздері тапсырмаларын беріп отырады. Инжинерлер қоғамы сол тапсырмаларды шешіп, жасанды интеллект индустриясын алға қарай итермелейді. Біз сол тәжірибені алып, осындай хакатонды Қазақстанда өткізуге бел будық.
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...