Түркістанда кәсіпкерлердің қолдауымен өрт сөндіру бекеті ашылды
Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Стипендия 2021 жылдан бері тұрақты түрде тапсырылып келеді.
Түркістан қаласындағы Яссауи университетінің Журналистика кафедрасының студенттеріне Қазақ журналистикасының феномені, танымал тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы стипендияны табыстау рәсімі өтті.
Бейсен Құранбек атындағы стипендияны "Журналистика" мамандығы бойынша білім алып жүрген үздік студенттерге Қазақстан Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылдан бері тұрақты түрде тапсырылып келеді
"Бейсен Құранбек атындағы стипендияны табыстау – тек үздік студентті марапаттау емес, ол – адамдық биік өнеге мен азаматтық жауапкершіліктің символы. Бейсен ағамыздың есімі еңбекқорлық, әділдік және рухани тазарудың үлгісі ретінде әрбір жасқа шабыт береді", – деді университет ректоры Жанар Темірбекова.
Бұдан әрі "Медиакратия" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібай сөз алды.
"Ерлігі мен еңбегі бағалануы керек тұлғалардың бірі – Бейсен Құранбек. Кейде Бейсен Құранбек Түркістанның тумасы емес, неге степендия оның атынан беріледі деген сұрақ туындайды. Менің ойымша, асыл тұлғаларды жерге, ұлтқа, елге, нәсілге бөлмеу керек. Оданда біз қазақтың ортақ, ірі тұлғаларын қалыптастырып шығуымыз керек. Бейсен Құранбек атындағы стипендияны тағайындаудың да бір себебі осы еді, яғни – ұлтқа ортақ тұлға және оның еңбегі дәріптелуі керек", – деді ол.
Көп ішінен үздік атанғандар – 3-курс студенттері Қасиет Өмірбек пен Әсел Мәулен және 2-курс студенті Ақжан Қуан. Жеңімпаздарға өмірде өшпес із қалдырған ұлт журналистикасының жарық жұлдызы Бейсен Құранбек атындағы стипендия 100 мың теңге көлемінде табысталды.
Оқи отырыңыз:
Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімі беріледі
Тележурналист Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығына өтінім қабылдау басталдыЖоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асырылды. Түркістан облысының Құтарыс ауылында "Ауыл құтқарушылары" ба ...
Түркістанда алты ай бұрын антисанитарлық жағдайларға байланысты жабылған кафеде тағы да 14 адам уланды. Жарты жыл бұ ...
Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды. Құрлық біріншілігіне 11 елден 100-ден аса балуан жиналд ...