• 14-03-2025

Депозитке қаржы салудың тиімді жолдары

Маңызды өзгеріс.

Айта кету керек, бұл шектеулерді алып тастау былтыр бірінші қаңтардан басталды. Ол кезде елдегі ірі банктерге үстемені шекті мөлшерден асыруға рұқсат берілген. Биыл барлық қаржылық ұйымдар үшін нарықтық жағдай жасалып отыр. Қазір осыдан кейін банктердің саясатында не өзгеруі мүмкін? Қарапайым халық тақырға отырып қалмау үшін не істеу керек?

Енді бұл өзгерістен кейін жиған-тергені желге ұшпауына халықтың өзі де жауапты болады. Яғни жоғары пайызға қызығып тәуекелге бел байлау да, сенімді жолды таңдау да әркімнің өз еркінде. Бірақ бұл банк саласы жүгенсіз кетеді деген сөз емес. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының басқа да тежеу механизмдері бар.

Айбота Жаппарберген, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ресми өкілі:

- Қандай да бір банк өзінің депозиттік өнімдері бойынша мөлшерлемелерді жаңағы нарықтық мөлшерлемеден тым жоғары белгілеген жағдайда, содан асып кеткен жағдайда, сол банктің біздің қорға төлейтін жарнасының көлемі де сәйкесінше белгілі бір мөлшерде жоғарылайды деген сөз.

Себебі банк лицениясынан айырылса, азаматтардың өтемақысын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлейді. Теңгедегі жинақ салымдары бойынша 20 миллион теңге, карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 10 миллион теңге, шетел валютасындағы шоттар бойынша 5 миллион теңге қайтарылады. Бірақ салымшыға берілетін жалпы өтем сомасы 20 млн теңгеден аспауы керек. Сондықтан қаржы нарығындағы оқыс жағдайлардың алдын алуға Ұлттық банк те мүдделі. Қазір банктерге қойылатын талаптарды бірте-бірте күшейіп келеді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының салымшыларға беретін өтемақы мөлшері

Теңгедегі жинақтар – 20 миллион теңге

Карточкалар, шоттар және депозиттер– 10 миллион теңге

Шетел валютасындағы салымдар – 5 миллион теңге.

Арман Бейсенбаев, қаржыгер:

- Ұлттық банк қандай қауіп барын жақсы біледі. Сондықтан оның алдын алңға тырысып жатыр. сол үшін резервтерге қойылатын талаптар қатаңдатылды. Яғни банктер дефолт болмауы үшін қор жинақтауы керек. Бірақ қазір ондай қауіп жоқ деуге болады. Банктердің капиталы жеткілікті. Бұл сектордың кірістілігі жақсы. Тіпті ақшасын қайда саларын білмей отыр деуге болады.

Қазір депозит пайызымен қоса несиелер де қымбаттайды деген қауіп те айтылып жүр. Себебі, банк табысынан қағылмауы керек. Халықтан жоғары мөлшерлемемен қаражат тартып, арзан кредит бере алмайды. Бірақ мамандар бір ауыздан ондай қауіптің жоқ екенін мәлімдеді.

Айбар Олжай, сарапшы:

- Негізгі олардың параметрлері базалық ставка ғой. Базалық ставкадан ары қарай ойнайды. Сондықтан базалық ставка жоғары кезде 22 пайыздан төмен беріп жатқан банкті, тиімді ставкасын алып қарасақ, ондай банкті жоқ деп айтуға болады. Сондықтан депозитті 18 қылса, кредитті 22-23 болса, бәрібір біз үшін жағдай өзгермейді. Керісінше ақшаны жинайтындар үшін жағдай жақсарады. Кішкене көбірек пайыз алатын болады.

Бірақ Қазақстапндағы несие саясаты өзгеруі мүмкін. Экономист Рауан Ерғалиев шетелдерде кредиттің пайыздары қаржы нарығындағы жағдайға қарай құбылып тұратынын айтады.

Рауан Ерғалиев, экономист:

- Мысалы, АҚШ-та фиксированный емес. Плавающий. Мысалы, нарықта қазір қанша? Оларда 4-5 пайыз болатын болса пайыздық ставка көтерілген сайын олардың да ипотека, солардың пайыздары да көтеріле береді. түссе ол да түседі. Ставкаға байланысты болып отырады. Ол бізге де келе ме? Гибкий бола ма? Ол жағын нақты қазір айта алмаймыз. бірақ мүмкін болатын шығар.

Мамандар бұл өзгеріс азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға, банктердің халыққа жаңа өнімдер ұсынуына түрткі болады дейді. Яғни нарықтық қатынастар дами түспек.