«Атырау» футбол клубы екі легионермен келісімшартты ұзартпады
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев жас қақпашы Шерхан Қалмырзаға берілген қымбат сыйлықтан кейін команда ішінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы
Еске сала кетейік, 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасында «Спортингке» (1:4) және «Реалға» (0:5) қарсы өткен ойындардан кейін кәсіпкерден Exceed маркалы көлік сыйға алған еді. Сондай-ақ тағы бір ойыншы — Темірлан Анарбеков те кәсіпкерлерден автокөлік иеленген. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыланып, түрлі пікір туғызды. Ал бас бапкер Рафаэль Уразбахтин жекелей марапаттаулар командалық рухқа кері әсер етуі мүмкін екенін атап өткен болатын.
"Біз ойыншылармен арнайы кездесу өткізіп, мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірдік. Кез келген жеңіс — бүкіл команданың еңбегі. Егер бір футболшы сыйлық алса, онда Дастан да, Мартынович те, Громыко мен Заруцкий де соған лайық. Бірақ болған іс болды. Әрине, мұндай сыйлықтарды тыйым сала алмаймыз, алайда барлық ойыншылар клубпен келісімшартқа отырғандықтан, енді мұндай мәселелер тек клуб арқылы шешілетін болады", – деді Боранбаев.
Осылайша, «Қайрат» басшылығы алдағы уақытта ойыншыларға берілетін жеке сыйлықтар мен демеушілік тартуларды өз бақылауына алмақ.
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отб ...
Францияның атақты шабуылшысы Килиан Мбаппе сот шешімімен бұрынғы клубы «Пари Сен-Жерменнен» 61 миллион еуро өтемақы ...