Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Орынбор газ өңдеу зауыты Қазақстанның Қарашығанақ кен орнынан келетін шикі газды уақытша қабылдауды тоқтатты. Бұған себеп - дрон шабуылы салдарынан болған апаттық жағдай, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Газпромның" мәліметінше, апаттық жағдай 19 қазанда болды. Зауыт қаншалық зақымданғаны мен жұмысты қалпына келтіру мерзімдері туралы ақпаратты Ресей тарапы әзірге ұсынған жоқ.
"Қазақстанға газбен жабдықтау әсер етпеді, ішкі тұтынушыларға газ шектеусіз, қалыпты режимде беріледі", — деді ведомсмтво.
Қарашығанақ шикізатын өңдеу және мұнай өндіруге ықтимал әсері мәселелері кен пайдаланушыларымен бірлесіп қаралып жатыр. Шығындар мен алдағы шаралар туралы қосымша хабарланады.
Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап, ресейлік тарап және кен орны операторларымен тұрақты байланыста екенін айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
Елдің Сыртқы істер министрлігі осындай үндеу жасады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі ресейліктерге Германияға ба ...
Бұған украин дрондарының өткен айдағы шабуылынан кейін Ресейдің мұнай тиеу инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарының тұра ...