Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Атырау облысының алыс аудандарына қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнебақылау жүйесі енгізілуде.
Биыл Мақат ауданына қарасты елді мекендерге 460-тан астам бейнебақылау камерасы орнатыла бастады. Оның ішінде 379 камера үш елді мекенге қойылмақ. Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің қолдауымен аудан арқылы өтетін «Атырау–Ақтөбе» және «Атырау–Ақтау» бағытындағы республикалық маңызы бар күре жолдарға қосымша 84 бейнебақылау камерасы қойылады. Екі жылға жоспарланған бұл бастама ауыл ішіндегі қоғамдық тәртіпті қадағалауға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Нұрболат Бөлеков, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:
- Жалпы Мақат ауданы бойынша Доссор, Бәйгетөбе, Мақат кенттерінде камераларды орналастыру жоспарлануда, жоба бойынша. Қазіргі таңда Бәйгетөбе және Мақат кентіндегі камералар орнатылатын бағаналар толықтай қондырылып болды. Доссор кентіне 2026 жылы қондыру жоспарлануда.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...