• 21-11-2025

”Азия ойындары”: Қазақстан алғашқы алтын медалін жеңіп алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.

Иран құрамасы күміс алса, ал Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Қайта қаралған хаттамаға сәйкес, Иран командасы жарысты аяқтамаған деп тіркелді. Осылайша Тайбэй екінші орынға көтерілсе, үшінші орын Қытай құрамасына бұйырды.

Айта кетейік, бұл — Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтыны.