Семейде Түркістан облысының мәдениет күндері басталды
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды. Шара аясында оңтүстікте ...
Италияда интерактивті алып шарлар көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Келушілер олардың ғажайып көрінісін тамашалап, ұмытылмас әсерге бөленді.
Әлемдік деңгейде танылып, 6 миллионнан астам келушіні баурап алған «Art is in the Air» атты алып шарлар мұражайы Римде есігін қайта ашты. Экспозиция 20-дан астам түрлі пішіндегі шарлар мен жарық безендірулерінен тұрады. Музей қонақтары инсталляцияларды тамашалап қана қоймай, олар орнатылған бөлмелерде демалып, уақытын көңілді өткізе алады.
Сильвия Дория, көрме қонағы:
- Көрме барлығының көңілінен шығып жатыр. Ол бір қарағанда ойын-сауық алаңы секілді көрінеді. Бірақ әр инсталляцияның өзіндік терең мағынасы бар. Суретшілер өз идеяларын біріктіріп, ерекше атмосфера жасауға бар күшін салғаны байқалады.
Көрмедегі бөлмелер тақырыптық қана емес құрылымы жағынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың әрбіреуінің өзіне тән дизайны бар. Безендірулері де алуан түрлі. Әсіресе алып шарлар батуты қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Джулия Гранди, көрме қонағы:
- Көрменің тағы бір ерекшелігі, ол барлық жастағы көрермендерге лайықталып жасалған. Бастапқыда қызықтап көру үшін келген балалар уақыт өте келе шығармашылықтың тереңдігін ұғынып, өнер мен мәдениеттің сұлулығын сезіне бастайды.
Италия астанасында экспозиция 30 наурызға дейін жалғасады. Рим мұражайы бұған дейін Let’s Fly, Pop Air және EmotionAir атты бірегей көрмелерді бірнеше елде өткізген. Енді алып шарлар көрмесі Париж қаласындағы мұражайда ұйымдастырылмақ.
Авторы: Динара Орынтай
Семейде Абайдың 180 жылдығына орай Түркістан облысының мәдениет күндері басталды. Шара аясында оңтүстікте ...
Әлем дерт атаулымен күресте түрлі әдістерді меңгеріп, технологияның алуан тәсілін енгізіп жатқанымен, аурудың азая ...
Үкімет басшысы сондай-ақ Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Олжас Бектенов мұнда да су шаруашылығы ...