• 21-11-2025

Жетісу облысында 30-дан аса экологиялық акция өткізілді

Жетісу облысының Жаркент қаласында «Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды.

Шараға жиналған көпшілік саябақ аумағын ретке келтірді. Мұндай жұмыстарды эко белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері екі жылдан бері тұрақты түрде өткізіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Жалпы, жыл басынан бері шекара шебіндегі шахарда 30-дан аса сенбілік өткен. Оған 5 мыңнан аса адам жұмылдырылып, 100 тонна тұрмыстық қалдық шығарылды.

Азат Гаитов, Жаркент қаласының тұрғыны:

- Қазақстанды көркейту үшін бізге мәдени тазалық керек. Сол үшін әр адам өзі патриоттық сезімін оятып, қаланың көркеюіне бәріміз бірдей атсалысуымыз керек.

Айдар Исаев, Жаркент қаласының әкімі:

- «Таза Қазақстан» акциясы аясында скл қаламызда 35 ке жуық көше асфальттанды. Алты көшеміз бюджеттен бір тиында бөлінбей кәсіпкерлердің көмегімен асфальттанған болатын. Одан бөлек бірнеше көшелер, мысалы, «Новостройка» ықшам ауданына 100 пайыз жарықшам орнатылды.