Журналист Азат Рыстанбек дүниеден озды
Қайғылы хабар. « Хабар » Агенттігінің бағдарламалар өндірісі бөлімінің шеф-редакторы, есімі елге белгілі теле ...
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап .
Азат Сардарбекұлы ұзақ жыл бойы қазақ телевизиясының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Телеарна мәліметінше, кәсіби телемаман 2000 жылдары лаңкестік ұйымдар мен қалың секта туралы бейнематериалдар жасаған.
"Түркістан легионы сапында болған жауынгерлердің тарихын жазды. Сұрапыл жылдары шекара асып, Анадолыға дейін жеткен қаймана қазақтың жоқшысы болды. Жеңістің 85 жылдығына орай Еуропаның бірнеше елін аралап, "Хабар" арнасының контент қоржынын үш бөлімнен тұратын деректі фильммен толықтырды. "Қарсыласу қозғалысы", "Петсамо-Киркенес операциясы" және "Жат жұртта қалған жауынгер" деп аталған деректі фильмдерінде екінші Дүниежүзілік соғыстың құпия сақталған құжаттарын, айтылмаған ақиқатын зерттеді", — деп жазылған мәліметте.
Азат Рыстанбектің қазақ телевизиясына сіңірген елеулі еңбегі ескеріліп, "Халық алғысы" төсбелгісімен марапатталған. Президенттің Алғыс хатын иеленген. Ақпарат саласының үздігі атанған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Қайғылы хабар. « Хабар » Агенттігінің бағдарламалар өндірісі бөлімінің шеф-редакторы, есімі елге белгілі теле ...
Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында балалар бар, — деп хабарлайды Ma ...
16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құра ...