• 29-04-2026

Қазақстанда көлік көп жүретін тасжол қайсы?

Жыл басынан бері жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 62 миллион рет жүріп өткен. Мұндай деректі "ҚазАвтоЖол" жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тізімде бірінші орында Алматы — Қонаев тасжолы тұр, бұл жол арқылы жүргізушілер 10 миллион рет жүріп өткен. Одан кейінгі кезек мынадай:

  • Шымкент — Өзбекстан шекарасы (7,8 млн)
  • Шымкент — Тараз (5,5 млн)
  • Тараз — Қайнар (4,6 млн)
  • Шымкент — Қызылорда (4 млн)
  • Астана — Теміртау (3,8 млн)
  • Қонаев — Талдықорған (3,3 млн)
  • Астана — Щучинск (3,27 млн)
  • Щучинск — Көкшетау (2,82 млн)
  • Астана — Павлодар (2,1 млн)
  • Алматы — Қорғас (2 млн)
  • Қостанай — Денисовка (1,57 млн)
  • Тараз қаласының айналма жолы (1,56 млн)
  • Қызылорда — Арал (1,5 млн)
  • Көкшетау — Петропавл (1,47 млн)
  • Балқаш — Бурылбайтал (1,1 млн)
  • Павлодар — Семей — Қалбатау (1,1 млн)
  • Ақтөбе — РФ шекарасы (Орынбор) (1,1 млн)
  • Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (736 мың)
  • Қостанай — РФ шекарасы (Троицк) (698 мың)
  • Орал — РФ шекарасы (Самара) (669 мың)
  • Шу — Бурылбайтал (583 мың)
  • Орал — РФ шекарасы (Саратов) (485 мың)
  • Қандыағаш — Мақат (462 мың)
  • Бейнеу — Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (140 мың)
  • Үшарал — Достық (56 мың).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget