• 21-11-2025

Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл

Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл.

Осыған орай Ақмола облысында 100-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ғылыми тәжірибиелік конференция, республикалық тұлғалық музейлер фестивалі мен көшпелі көрмелер бар. Батырдың туған күніне орай бір топ зиялы қауым өкілі қоғам қайраткерінің атындағы музей алдына көшірілген бюстке гүл шоқтарын қойып, тұлға рухына тағзым етті. Олардың қатарында Мәлік Ғабдуллиннің көзін көріп, тәлімін алған шәкірттері де бар.

Уәлихан Қалижан, Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Мен арнайы келіп отырмын. Өйткені мен оның алдын көрдім, дәрісін тыңдадым. 1970 жылы бұл кісі біздің емтиханның төрағасы болды. Кейін сол кісінің қолынан диплом алдым. Мәлік Ғабдуллин – қазақтың жүрегінде қалған, сөзінде қалған, ойында қалған ұлы тұлға. Қазақтың мынау зиялы қауымын қалыптастырған, біздің ұлттық кодымызды жаңғыртқан адам.