Песков: Путин пен Трамп жақын арада тағы да сөйлеседі
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үстін және оған жақын аймақтағы әуе кеңістігін толық жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Бұл қадам ресми түрде «есірткі трафигімен күрес» ұранымен түсіндірілгенімен, сарапшылардың пікірінше, Вашингтонның шынайы мақсаты – президент Николас Мадуроны биліктен кетіру.
Трамп өз мәлімдемесін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
«Барлық авиакомпаниялар, пилоттар, есірткі тасымалдаушылар және адам саудасымен айналысатындар назар аударсын: Венесуэла үстіндегі және оның айналасындағы әуе кеңістігі толығымен жабылады. Назар салғандарыңызға рақмет!» делінген жазбада.
Өткен аптада АҚШ Венесуэла жағалауына әлемдегі ең қуатты әрі заманауи әскери кемелердің бірі — «Джеральд Форд» авианосецін жіберген. Бұған дейін Пуэрто-Рикода АҚШ армиясының оқу-жаттығулары өтіп, онда десант түсіру және стратегиялық бомбалаушы шабуылдарының имитациясы жүргізілген.
Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...
Әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Қара алтын құны әлемнің жетекші қор бижаларында қазір 62 доллар көл ...