Түркістан облысында жаңа екі су қоймасының құрылысы аяқталуға жақын
Өңірде "Бәйдібек-ата" және "Қарақуыс" су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Көлемі 68 млн текше метр болатын "Б ...
Алматы облысында көкөністер пен жемістерді (жылына 70 мың тонна) терең өңдейтін зауыт құрылысы басталды. Заманауи өңдеу технологияларымен жабдықталған жаңа зауыт – бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді (АӨК) одан әрі нығайтуға ықпал етеді, деп жазады Egemen.kz.
Жобаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 9,5 млрд теңге.
Жоба отандық «Qazaq Global Food JV» компаниясымен жүзеге асырылып, жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға, сондай-ақ АӨК-тің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Ауыл шаруашылығы ведомствосының мәліметінше, қазіргі уақытта осы салада алдыңғы қатарлы ірі Göknur Gıda түрік компаниясымен Off-take келісіміне қол қойылған. Келісімге сәйкес, аталған компания болашақ кәсіпорын өндірген өнімдердің, соның ішінде алма шырыны концентраты мен басқа да өңделген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын стратегиялық оператор болмақ.
Аталған серіктестік ұзақ мерзімді өткізу кепілдіктерін қамтамасыз етеді және отандық өндірушілердің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін кеңейтеді.
Өңірде "Бәйдібек-ата" және "Қарақуыс" су қоймаларының құрылысы жалғасып жатыр. Көлемі 68 млн текше метр болатын "Б ...
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" би ...
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,5 млрд теңгеге немесе 11,4%-ға жоғары (01.12.2024 ж. жа ...