Әлемдегі ең ірі банктің бірі Ресейден кетеді
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Масктың айтуынша, Америка үшін тым көп иммигрант — қауіп.
"Радикал солшылдар сайлауда жеңіске жету және Американы бірпартиялы мемлекетке айналдыру, сол арқылы кез келген демократияны жою мақсатында алаяқ мемлекеттік бағдарламаларды баяғыдан бері пайдаланып келеді: олар заңсыз (ал кей жағдайларда заңды) иммигранттарды көптеп кіргізіп, елде ұстап қалады", — делінген оның жазбасында.
Миллиардер сондай-ақ: "Мұның мән-жайына тереңірек үңілген сайын, салық неге жұмсалып жатқанына және егер мұның жолы кесілмесе, даусыңыздың ешқандай мәні қалмайтынына одан көз жеткізесіз", — деп атап өтті.
"Мысалы, Миннесота штатындағы сомалилік сайлаушылар блогы. Бұл штатта тарихи тұрғыда Конгреске сайланған бірде-бір сомалилік болмаған, алайда дәл солар Ильхан Омарды АҚШ Конгресіне өткізді", — деді Маск.
Ол мұндай жағдай Еуропада, Ұлыбританияда, Канадада, Аустралияда және Жаңа Зеландияда да байқалатынын қосты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Қаржы ұйымы Ресейдегі соңғы активтерін сатып жатыр. Citigroup америкалық банк конгломераты Ресейдегі соңғы бизнесі ...
АҚШ-тағы жаңа жылдық мерекелік бөлшек сауда көлемі биыл алғаш рет 1 трлн долларға жеткелі тұр. Аталған сала ...
Әлемдік нарықта мұнай бағасы құбылып тұр. Қара алтын құны әлемнің жетекші қор бижаларында қазір 62 доллар көл ...