EGov жүйесінде жаңа қауіпсіздік талаптары енгізілді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...
Енді ел азаматтары жүргізуші куәлігін eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған , құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Алайда, фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.
Қызметті алу үшін:
Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлік пен ескі жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).
Айта кетейік, қызметті іске қосқаннан бері 7 000-нан астам адам оны пайдаланып үлгерген.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 SMS-шлюзіне қолжетімділікті күшейту туралы хабарлады. Е ...
Келтірілген залал көлемі 270 мың теңгеден асады. Абай облысында күдікті жүргізуші куәлігін "алып беремін" деп ...
Мұндай тосын ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті. ...