Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді
Елде шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына ...
Бейжіңде бүгін – «Қазақстан-Қытай» ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысы қарсаңында Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының жаңа министрі Сунь Мэйцзюньмен екіжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жандос Дүйсембиев министрді тағайындалуымен құттықтап, мемлекет басшыларының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Бұл міндеттерге кедендік рәсімдерді жеңілдету, шекарадағы ашықтықты арттыру және екіжақты сауданы ынталандыру кіреді.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше кездесу барысында Қазақстан тарапы шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту туралы, сондай-ақ Нұр Жолы – Қорғас өткізу пункттерінде тәулік бойы жұмыс істеу режимінің пилоттық жобасының нәтижелері туралы ақпарат ұсынды.
Негізгі уағдаластықтар:
- өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар;
- инфрақұрылымды жаңғырту және өткізу пункттерінің жұмыс режимін ұлғайту;
- үздіксіз қозғалыс үшін қабылданатын автокөлік құралдарының (АКҚ) ең аз санын енгізу; шекарадағы процестерді үйлестіру жөніндегі бірлескен жұмыс тобының жұмысын күшейту.
Айта кетейік, сәуірдің бірінші жартысында жұмыс тобы бизнес-процестерді зерттеу, АКҚ қозғалысына әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтау және оларды жою үшін ұсыныстар әзірлеу үшін шекарада көшпелі жиналыс өткізеді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар:
- өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдетуге;
- кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға; шекарадан өтудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етуге және АКҚ жиналуын болдырмауға келісті.
Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолында тағы бір қадам болды, ал қол жеткізілген уағдаластықтар кедендік ресімдеудің тиімділігі мен жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.