
Ғылым және жоғары білім министрлігі Арқалық педагогикалық институтына университет мәртебесін беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған орай университет оқытушыларын, студенттерін, жалпы өңір тұрғындарын құттықтаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов:
«Бұл – тек Арқалық үшін ғана емес, бүкіл Қостанай облысы үшін маңызды оқиға. Университет мәртебесінің берілуі оқу орнының жаңа көкжиектерді бағындыруына жол ашады. Студенттер саны артып, білім беру бағдарламалары кеңейтіледі. Енді болашақ мамандар тек педагогикалық бағыттарда ғана емес, сонымен қатар ІТ, журналистика, экономика, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салалар бойынша білім ала алады», деді.
Шалғай шаһардағы білім ордасының студенттері енді магистратура бөлімінде білім алатын болады. Келешекте докторантура ашылмақ.
Облыс әкімінің сөзінше, бұл өзгерістер өңірдің ғылыми әлеуетін нығайтып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Университетте ғылыми-зерттеу жобалары дамып, инновациялық технологиялар әзірленіп, оқытудың озық әдістері енгізілетін болады. Жаңа мәртебе халықаралық ынтымақтастыққа да жол ашады. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді түрде байланыс орнатып, тәжірибе алмасып, озық білім беру бағдарламаларын енгізуге және студенттерге академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін ұсынуға жағдай жасайды.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-