Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен шекарадағы елді мекендерді дамытуға 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Оған 27 жоба жүзеге асады.
Бұл шалғайда жатқан ауылдарда қордаланып қалған мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. 2027 жылға өңірде жыл сайын кемінде 50 ауылды жаңғырту жоспарланып отыр.
Өмір Есқали, қала тұрғыны:
- Жалпы қазір қолдағы ақпарат бойынша 50 жуық елді мекен осы шекара беткейлерінде орналасқан. Шекаралық аймақтардағы ауылдарды сақтап қалуға болады. Бірақ ол жекелеген адамдардың көмегі жеткіліксіз. Оған биліктің тарапынан, Үкіметтің, мемлекеттің тарапынан кәдімгідей арнайы бағдарлама жасалу керек.
Самрат Құскенов, қала тұрғыны:
- 2000-2009 жылдар аралығында 139 ауыл жойылып кеткен. Енді 635 елді мекеннің 140-ы болашағы жоқ ауыл деп танылған. Енді болашағы жоқ ауылды осы келешегі кемелденген елді мекендердің қатарына жатқызатын болсақ, мына шекарадағы ауылдар біраз дұрысталып, экономика болсын, мәдениет болсын, мемлекеттің дамуына өзіндік үлесін қосар еді.
Диас Аяған, қала тұрғыны:
- Енді осы ауылдарды дамытуға келгенде, меніңше, ең алдымен осы ауылдардағы инфроқұрылым, мәдени-әлеуметтік жағдайдан бөлек, мына экономикалық белсенділікті де арттырған жөн деп ойлаймын. Ауылда кәсіпорындар, шаруашылықтар, өндіріс орындары көптеп ашылса. Ұлттық қауіпсіздік жағынан да бұл өте күрделі мәселе.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Қайғылы оқиға 19 қараша күні болған. Ақжар ауданында 34 жастағы жұмысшы әйел биіктігі шамамен 30 метр болатын ...