
Көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап беретін танымал имам Нұрлан Байжігітұлы бұл жолы да оқырмандарын мазалаған сауалға үн қатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, кей адамдар сене бермейтін үш нәрсе қатар жүреді.
"Үш нәрсе бірге жүреді. Сиқыр, көз тию, жын кіру – үшеуі де бір категориядағы нәрсе. Үшеуінің диагнозы да, жобасы да бірдей. Қазіргі уақытта сиқырдың ең көбі отбасыларда болып жатыр. Әйелі мен күйеуін ажырату үшін яки біреудің басын қаратып алу үшін немесе үйде сыйыспаса, солардың отбасын бұздырып, ерлі-зайыпты бір-бірін жек көріп кетуі үшін істелінетін сиқырлар көбейіп кетті. Бұл сиқырлар адамға сондай дәрежеде әсер береді екен. Екі адам екі жаққа кетсе, бір-бірінсіз тұра алмайды. Бірақ бір шаңырақтың астында да тұра алмайды. Алайда бір-бірінің көздеріне жер бетіндегі ең жаман хайуан болып көрінеді. Ең соңында ауру болып тынады. Ажалы жетсе, өледі, ажалы жетпесе қалады", — деп түсіндірді имам.
Сондай-ақ қазіргі таңда белең алып жатқан жайттардың да рас-өтірігіне жауап берді.
"Қазіргі уақытта үйлерде, ағаштарда, көпірлердің астында инелер, әр түрлі шаншылған нәрселер көптеп табылып жатыр. Бұлардың көпшілігі – сиқыр. Сиқыр, дуа бастапқы жасалған уақытта басқаша болады. Кейін арада біраз уақыт, 10-15 жыл өткен соң одан да қатты әсер береді. Сиқырдың күшімен адамдар, ағайындар да бөлініп кетуде. Сау адамның жасамайтын әрекетін жасаса, бұл сиқырдың бар екенін көрсетеді. Бұл – анық нәрсе", — деді Нұрлан имам.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-