
Ұлыбританиядағы Cardiff университетінің өкілдері Астанада жаңа кампусын ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, Cardiff университеті Астана қаласында 2025 жылы жаңа кампусын ашады. Бұл маңызды қадам университеттің Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын білдіреді.
Cardiff университеті Қазақстанда 2025 жылы STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) және бизнес бағыттары бойынша дайындық бағдарламаларын іске қосады, ал 2026 жылы бакалавр бағдарламаларын ашады деп жоспарланып отыр. Студенттер Cardiff университетінің білікті оқытушылары мен зерттеу тәжірибесіне қол жеткізе отырып, жаңа салаларда және жаһандық еңбек нарығында қажет дағдыларды игереді.
Cardiff университеті сондай-ақ Қазақстан үкіметімен тығыз жұмыс істеп, алғашқы үш жылда 500-ге жуық толық қаржыландырылатын шәкіртақы бөледі. Бұл бастама қазақстандық дарынды студенттердің жаңа кампуста жоғары сапалы білім алуына мүмкіндік береді.
Cardiff университетінің жаңа кампусы толық іске қосылғаннан кейін жылына 2500-ден астам студентті қабылдайды, бұл аймақтың білікті кадрларын даярлауға және экономикалық дамуына ықпал етеді.
"Қазақстанда Cardiff университетінің кампусы ашылатынына қуаныштымыз. Қазақстан үкіметімен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен кең көлемде жүргізілген талқылау негізінде бұл бастама екі жаққа да тиімді болатыны айқын көрініп отыр", — деді Сardiff университетінің президенті және вице-канцлері профессор Венди Ларнер.
TOP
-
-
-
«Ұрпақ сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: Белгілі әнші жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
20.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-