«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Қарағандыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Жол апаты болған жердегі видеолар әлеуметтік желілерде тарады.
Оның бірі Майқұдықтағы Магнитогорская көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылар автобусы Mercedes-пен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданған.
Дәрігерлер зардап шеккен үш адамды ауруханаға жатқызды. Mercedes жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, автобус жолаушыларының бірі жарақат алған. Бұл дерек тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша 21 наурызда Қазақстанның 50 жылдығы көшесімен келе жатқан автобустың 47 жастағы жүргізушісі Магнитогорская көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, 29 жастағы жүргізуші тізгіндеген Mercedes көлігімен соқтығысқан", — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)
Екінші жол апаты Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Құрылысшылар даңғылында болды. Видеоға қарағанда, автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тұрғын үйдің маңында тұрған көліктерге соқтығысқан. Полиция автобус жүргізушісі рөлде отырғанда ауырғанын мәлімдеді.
"Yutong автобусының 57 жастағы жүргізушісі жағдайы күрт нашарлауына байланысты Chevrolet және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Көліктер зақымданды. Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", — деді ведомство өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Көкшетаулық жігіттің автобуста бейтаныс әжеден таяқ жеген видеосы көпшілік арасында кеңінен тарады. Осы видеодан кей ...
Бүгінгі бағдарламада: Түркістан облысында тыйым салынған экстремистік материал таратқан шетел азаматы ...