БҰҰ штаб-пәтерінде Наурыз мейрамы тойланды
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз ! Наурыз мейрамы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пә ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Лейбористер басқаратын Ұлыбритания үкіметі мүгедектердің жәрдамақысын қысқартпақ. Билік партиясы елдегі әлеуметтік қамсыздандыру шығындарын 5 миллиард фунтқа азайтатынын мәлімдеді. Даулы реформа жарымжан жандардың құқықтарын қорғаушылардың сынына ұшырап, премьер-министр Кир Стармердің партияластары арасында дау туғызды.
Британ үкіметінің әлеуметтік қамсыздандыру бюджетін қысқарту туралы жоспары шығындарды азайтуға және экономикаға серпін беруге бағытталған, дейді биліктегілер.
Лиз Кендалл, Ұлыбританияның еңбек және зейнетақы министрі:
Қолынан іс келетін миллиондаған мүгедек әлеуметтік көмек алып, салық төлеушілердің есебінен күн көруде. Төлемдер көлемі 20 миллиардқа өсті. Бұлай жалғаса беруіне болмайды.
Стив Моррис – азаматтық белсенді және мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын 3,6 миллион адамның бірі. Оның айтуынша, егер төлемдер тоқтатылса, өмір сүруі қиындай түспек.
Стив Моррис, азаматтық белсенді:
Мен әрі зағип, әрі құлағы естІмейтін адаммын. Әлеуметтік төлемдер мен үшін өте маңызды.
Өткен жылы сайлауда жеңіске жетіп, жарқын болашақ уәде еткен Лейбористер партиясының кейбір мүшелері де бастамаға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Дебби Абрахамс, Ұлыбритания парламентінің мүшесі:
Кезінде Консервативтік партия осыған ұқсас әрекет етіп, теріс нәтиже көрсеткені белгілі. Олардың қателігін қайталамайық.
Шынымен де соңғы 15 жылда осындай қысқартулардың нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, кедейшілік пен кісі өлімі көбейген. Сарапшылар үкіметті асығыс шешім қабылдамауға шақырып отыр.
Марина Бекенова, тілші:
Бұдан бөлек әлеуметтік қамсыздандыру бюджеті қорғаныс бюджетінен көп болып отыр. 2030 жылға қарай ол 100 млрд фунттан асып, 2027 жылға дейін қорғаныс шығындарын жалпы ішкі өнімнің 2,5%-ына жеткізу межесіне кедергі болуы мүмкін. Жәрдемақыны азайтудағы гәп осында жатыр, дейді сарапшылар.
Марина Бекенова