Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қазір Батыс Қазақстан облысында бірнеше рет табылған белгісіз дрондарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев айтты. Вице-министрдің сөзінше, Бөкей орда ауданында сынақ полигоны, оның әуе кеңістігі де бар көрінеді. Бұл техникалық ақау болуы да мүмкін деді Жазықбаев. Вице-министр бұл жағдай бойынша барлық құзіретті органмен жан-жақты тергеу жүріп жатқанын да жеткізді. Айта кетейін, Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшақтың сынықтары табылды. Ұқсас ұшақ осы жылдың 19 ақпанында облыстың Бөкей орда ауданы, Ұялы ауылы маңында табылып, бұл жайт қоғамды алаңдата бастаған еді.
Шайх-Хасан Жазықбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
Бөкей Орда ауданында ұшақ сынақ полигоны бар екен. Ол тек қана ұрыс алаңы емес, онда әуе кеңістігі де бар. Мүмкін ол техникалық ақау шығар сыртқа шығып кеткен. Немесе тағы да басқа шығар. Нақты айту тергеу біткенше дұрыс емес деп ойлаймын. Не себептен ол жерге құлағанын ұшқышсыз аппараттың тергеу қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз.
Айдана Қуантхан
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер жоқ. Қорғаныс министрлігі БҚО-да белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының жарылысы тіркелгенін мәлі ...
Апаттың нақты неден болғаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Техастағы Форт-Уорт маңында жеңіл моторлы Beech King A ...