Тоқаев Бағанашылдағы балалар үйін жаңғыртып жатқан кәсіпкерді қабылдады
Компания Алматы қаласындағы "Бағанашыл" балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады. ...
Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен наградталады. Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);
2) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Қағидаларға сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградталсын.
4. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Компания Алматы қаласындағы "Бағанашыл" балалар үйін 5 миллиард теңге жеке қаражаты есебінен қайта жөндеуді бастады. ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі. ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне ...