Үш облыста көлік қозғалысы шектелді
Шектеулер – еріген қар сулары салдарынан болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. «ҚазАвтоЖол»-дың мәліме ...
Бұл туралы ақпарат таратқан «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдардағы жағдай – еріген қар суына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі сағат 08:00 бойынша 3 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 3 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақтөбе облысы:
«Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника және 65 маман жұмылдырылған.
Шектеулер – еріген қар сулары салдарынан болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz. «ҚазАвтоЖол»-дың мәліме ...