Мьянмадағы апаттан келген шығын көлемі 70 млрд долларға жетуі мүмкін
Мьянмадағы жойқын зілзала ел экономикасын титықтатты. Кейбір деректер бойынша 7,7 баллдық жер сілкінісіне ...
Михаил Шайдоров алдыңғы үштікте.
АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бірер сағат бұрын ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша бәсекелер болды. Бұл сынға еліміз атынан Михаил Шайдоров қатысқан болатын. Ол өте сәтті өнер көрсетіп, жалпы тізімде үшінші орынға жайғасты. Айта кетейік, қатысушылардың жалпы саны – 39. Михаил аталмыш жарыста 94.77 ұпай алды. Бұл отандық спорт тарихында қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен дәл осындай қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған еді. Сонымен Михаил жалпы тізімде үшінші тұр. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма болса, топ басында америкалық Илья Малинин. Енді 30 наурыз күні еркін бағдарлама бойынша бәсекелер өтеді және қазақстандық Михаил Шайдоров осы қарқынын жоғалтпай, жүлдеге ілігеді деген үміттеміз.
Қазақ қыздары жүлдесіз қалды
Қазақ қыздары жүлдесіз қалды. Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні әйелдер күресі бойынша бәсекелер өтті. Нақтырақ айтқанда, 5 салмақта медальдер сарапқа салынды. Өкініштісі, ұлттық құрама өкілдері финалға шыға алмады. Тек қола жүлдеге қол созатын мүмкіндік болған. Оны да мүлт жіберді. Атап айтқанда, 50 келідегі Светлана Анкичева қола жүлде үшін белдесуде моңғолия өкілінен жеңілді. 59 келідегі Гүлдана Бекеш қытайлық Се Мэньюйден ұтылды. Ал 68 келідегі Ирина Казюлина үндістандық Манси Латерге есе жіберді. Енді бүгін қалған 5 салмақтағы белдесулер болады. Яғни бозкілемге Жәмиля Бақбергенова бастаған спортшыларымыз шығады және спорт мамандары олардан үлкен үміт күтеді.
Қайрат Сағадиев, әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері
Балалар арасындағы халықаралық турнир
«Спартак», «Пахтакор», «Ақтөбе» және «Астана» бас жүлдегі сарапқа салады. Астанада футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир жалғасып жатыр. «Астана Кубогы» деп аталатын дәстүрлі дода биыл 12 команданың басын қосқан еді. Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша жартылай финалға мәскеулік «Спартак» және ташкенттік «Пахтакор» жолдама алды. Ал еліміздің командалары арасынан оларға «Ақтөбе» мен «Астана» қарсылас болады. Жартылай финал және финал матчтары бүгін өтеді. Айта кетейік, 10 жастағы балалар арасындағы аладоп аламаны осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұр және алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мамандар.
Шохрух Салим, «Пахтакор» командасының ойыншысы:
- Матчтар өте жақсы болды. Біз бұл жарысқа біраз дайындалдық және өз мықтылығымызды дәлелдесек дейміз. Астанаға тек қана жеңіс үшін келдік.
Данил Рохман, «Спартак» командасының ойыншысы:
- Жарыстың барысы өте жақсы өтіп жатыр. Бапкеріміздің айтқанын бұлжытпай орындап, жеңіске жеттік. Болашақта кәсіпқой футболшы болғым келеді.