Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейтіледі
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қазақстанда әлеуметтік тө ...
ШҚО-дағы Шемонайха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында облыстағы ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарды дәрігерлер толық тексермесе де төлем жасалғанын анықтады , деп жазады Egemen.kz.
2023 жылдың желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңгені құрауы тиіс болған.
Дәл осындай жағдай дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлерінің қабылдауларында да қайталанған.
Нәтижесінде, дәрігерлерге 1,4 млн теңге артық төленген.
Бас прокуратура қадағалау актісі негізінде заңсыз төленген қаржы бюджетке қайтарылып, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. Қазақстанда әлеуметтік тө ...
Елордада ауа райының күрт нашарлауы байқалуда, аяз буып, боран соғады және жел күшейеді деп болжайды мамандар. Бас ш ...
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамды құрады. Шығыс Қазақ ...