Қазақ Дерматология орталығының басшысы пара алғаны үшін сотталды
Алматыда «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры сотталды, деп хабарлайды El.kz ...
Бүгін оңтүстік астанада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жасанды интеллект саласында AlmatyFair.ai көрмесі ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Көрмеле AI саласындағы әлемнің жетекші IT-компаниялары, стартаптар мен сарапшылар бір алаңға жиналып, ғаламдық сын-қатерлер кезеңінде жасанды интелектің мүмкіндіктерін талқылап, алдыңғы қатарлы технологиялармен бөлісетін болады.
Көрменің бас демеушісі – Kaspi.kz, ал ресми серіктестері – Freedom Bank, Halyk Bank.
Көрмеде еліміздің AI саласындағы негізгі бастамалар ұсынылып отыр. Олардың қатарында халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы, KazLLM ұлттық тілдік моделін дамыту, 8 мыңнан астам қолданушы тіркелген ұлттық AI платформасы мен Tomorrow School — алғашқы жасанды интеллект мектебі бар.
Өңірлік стартап-экожүйелерді қолдау мақсатында Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бастамасымен құрылған Орталық Азияның ірі технопарктері альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметімен де көрме барысында танысуға болады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев көрменің ашылу салтанатында жасанды интеллект бүгінде экономиканы, мемлекеттік басқару жүйесін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын түбегейлі өзгертіп жатқандығын атап өтті. «McKinsey зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай AI-дің жаһандық экономикаға қосар үлесі 20 трлн долларға жетуі мүмкін. Қазақстан бұл үдерісте дайын шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз технологияларын дамытуы қажет. Биыл Ұлттық AI платформасын іске қостық, өңірдегі алғашқы ұлттық тілдік модель — KazLLM-ды құрдық және жасанды интеллект туралы заң қабылдау жұмыстарына кірістік. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанды AI-ге негізделген мемлекетке айналдыруды көздейтін халықаралық alem.ai орталығы құрылып жатыр» деді министр.
Көрме жасанды интеллект технологияларының экономика салаларымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және қалалық инфрақұрылымға да қаншалықты әсері бар екенін көрсетеді. Мұнымен қоса компаниялар жасанды интеллектке қатысты инновациялық жобалары мен заманауи шешімдерін ұсынады. Тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату мен әлеуетті инвесторлармен кездесуге бірегей мүмкіндік беретін AlmatyFair.ai көрмесінде AI командалар жобаларын таныстырып, 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен Кремний алқабында өтетін Hero Training Program акселераторына қатысу үшін тартысқа түседі.
Көрмеде сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІТ-индустрияның экспорттық әлеуетін арттыру және трансшекаралық технологиялар трансферін ілгерілетуге бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қояды. Оның барысында Astana Hub пен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасында Қазақстанның білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, инновациялық технологияларды енгізу және STEM бағыттарын дамыту бойынша меморандумға қол қойылады.