Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Еліміздің ақпараттық кеңістігінде жетекші орын алатын «Хабар» Агенттігі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.
1995 жылы құрылған Агенттік бүгінде елдегі және сыртқы оқиғаларды халыққа жедел жеткізіп, әлемдік медиа алпауыттармен терезесі тең ірі холдингке айналды. Мерейтой аясында «Хабар» арнасы көрермендердің көңілінен шыққан жобаларды жаңғыртып, оларды жаңа форматта ұсынуда. Солардың бірі «Перекресток-Тоғысқан тағдырлар» сериалының цифрлық форматтағы нұсқасы. Сонымен қатар биыл «Азамат» интеллектуалды бағдарламасы эфирге қайта оралды. Сол сияқты «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы да көрерменге жол тартып, көптің көңілінен шығып отыр. Мерейтой шеңберінде «Қазмедиа» орталығына «Хабар» агенттігінде әр жылдары жұмыс істеген қызметкерлердің фотоархивтерінен құралған стендтер қойылды. Соның ішінде агенттік ашылғалы бері жұмыс істейтін медиа саласының майталмандары бар.
Еділ Ермекбаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ ТЖБ Өндірістік дирекция бөлімінің басшысы
- Алғашқы Аматы қаласында 1995 жылы құрылды. Сол кезде 4 оператор, 2 жарық қоюшы, екі инженер болып бастағанбыз. Содан бері үлкен ұжымға айналдық. Қазірдің өзінде 92 адам жұмыс жасайды ТЖК бөлімінде. Соның 65-і оператор. Осы операторлыққа келгеннен бастап, Нұрмыхан Сүлейменов, Ағыбек Қазанбай сияқты ағаларымыз, сөзсіз бейнені сөйлетуге үйреткен. Алғысым шексіз. Енді артымызда келе жатқан жас буын операторларымыз бар, өзіміздің қалыптасқан мектебіміз бар «Хабардың».
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...