Сенатта экономикаға жеке капиталды тарту жолдары талқыланды
Шағын және ірі бизнес үшін жаңа несиеге кепілдік беру қорларын құру көзделіп отыр. Бүгін Сенатта өткен Үкім ...
Вице-премьер журналистердің “неге ортақ салық ретінде енгізбей, жекелей бөліп қарастырдыңыздар” деген сұрағына да жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Журналистер қауымы Жұманғаринге "сән-салтанат салығын көтеріле ме" деген сұрақ жолдаған болатын.
Ең алдымен “люкс” ұғымын дұрыс анықтап алуымыз керек. Егер қазіргі таңда салық салынғалы жатқан дүниелерге қарасақ, бұл да сол қымбат, яғни сән-салтанаттың өзі емес пе? Мәселен, егер сіздің иелігіңіздегі барлық жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, демек салық төлейсіз. Қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион теңге, әрі қарай осы сомадан асқан сомаға 2 пайыз қосымша төленеді. Сол сияқты, егер көлік құны 75 миллион теңгеден асса, жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қымбат алкоголь, қымбат шылымдар – осыларға да салық салынады, – деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ министр салық салу барысында аса мұқият болу қажеттігін атап өтті.
Егер ертең не нәрсе сән-салтанатқа жатып, не жатпайтыны анық болмаса – кейбір адамдар зардап шегуі мүмкін. Мұнда “кінәлі” немесе “кінәсіз” деген жоқ, бірақ салықты тиісті адамға емес, басқаға салып қоюымыз мүмкін, – деді Серік Мақашұлы.
Шағын және ірі бизнес үшін жаңа несиеге кепілдік беру қорларын құру көзделіп отыр. Бүгін Сенатта өткен Үкім ...
Қосымша құн салығына қатысты өзгерістер шағын кәсіпкерлердің жұмысына әсер етпейді. Премьер-министрдің орынбасары — ...
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Павлодар облысының кәсіпкерлерін қолдауға 12,5 ...