Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Ақмола облысында мемлекеттік сатып алу кезінде қаржылық құйтырқылыққа барған 14 мекеме әшкереленді. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті хабарлады.
Мәселен, Степногорск қаласының әкімдігі жол белгілерін орнатуға 200 миллион теңге бөлуді жоспарлаған. Бұл былтырғы көрсеткіштен үш есе көп. Ал 2023 жылы дәл осы мақсатқа бар-жоғы 31 миллион теңге жұмсалған болатын. Сараптама нәтижесінде аталған шығынның шектен тыс екені дәлелденіп, тапсырыс беруші өтінімін кері қайтарып алды. Мамандардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне ешқандай негіз болмаған. Жыл басынан бері облыс бойынша дәл осындай фактілердің алдын алудың нәтижесінде 270 миллион теңге үнемделген.
Асхат Оразхан, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
- Көбінесе мұндай жемқорлық дерегі денсаулық, білім, энергетика және тұрғын үй-комунналдық шаруашылығы саласында тіркеледі. Біз мемлекеттік сатып алудағы жобаларды әзірленіп жатқан кезде әрекет етеміз. Алдымен ұсынымдық сипаттағы хат жібереміз. Ал конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, келісімшарт жасалса, онда мемлекеттік Ішкі аудит департаменті араласады.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...