Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Өскемендегі хайуанаттар бағында сирек кездесетін оқиға тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Шанди есімді аю бірден үш қонжықты дүниеге әкелді.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Әдетте аюлар бір немесе екі қонжық күшіктейді екен. Хайуанаттар бағының қызметкерлері оларға ерекше күтім жасап жатыр. Соның нәтижесінде қонжықтар қоңданып, әрқайсысы бес келіге дейін салмақ қосқан. Қазір олар өте белсенді. Апанынан шығып, келушілердің көңілін көтеріп, тұрғындардың сүйіктісіне айналып үлгерді.
Юлия Шалимова, биолог:
- Аң-құс саны осылай көбейіп жатса, бұл хайуанаттар бағындағы күтімнің дұрыс әрі сапалы екенін білдіреді. Шандиге ерекше күтім жасалды. Барлық қажетті азық түрлері берілді. Енді, мінеки, ол қонжықтарымен бірге келушілердің ықыласына бөленді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...