Қазақстанда банк картасын шығаруға шектеу енгізіледі
Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Қаулы жобасын Қаржы нарығын ретте ...
Сәуірде қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Massaget.kz тілшісі маңыздыларына шолу жасады.
1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-анасының өтініші бойынша балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрон үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ, қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Өтініш демалыс және мереке күндерді есептемегенде, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті тізгіндеуге тыйым салынады. Мұндай құқықбұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді.
Оны тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Мына құжаттарды ала бару керек: жеке басты куәландыратын құжат, электрон түрі де жарайды, техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.
Өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет.
Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтті. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалды.
IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
2025 жылғы сәуірде Қазақстанда мемлекеттік мерекелер атап өтілмейді, сондықтан демалыс күндері тек сенбі мен жексенбі болады.
Көктемнің екінші айында қазақстандықтар барлығы 8 күн демалады:
Дегенмен сәуірде кәсіби және басқа да мерекелер бар:
depositphotos.com
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!