
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов дербес деректер тарап кетуіне жол бергені үшін жазаны күшейту қажет екенін мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Дербес деректерді қорғау мен цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару керек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, дербес деректермен жұмыс істейтін мамандардың жауапкершілігін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуі қажет. Осы саладағы бұзушылықтар үшін жазаны күшейту керек", - деді Олжас Бектенов.
Сондай-ақ, премьер-министр мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мониторинг болмауы деректер таралып кету қаупін арттырып, интернет алаяқтық көбеюіне алып келетініне назар аударды.
Осыған байланысты мемлекеттік органдар жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйені дербес деректерге қолжетімділікті бақылау қызметіне қосуды аяқтауға тиіс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Айттан кейін ораза қарызын өтеген дұрыс па, әлде Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстаған жөн бе
01.04 -