Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының ұсыныстарын қолдады
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. ...
Ақордадағы кездесуден соң Мемлекет басшысы мен Италия Премьер министрі Астана Халықаралық форумына қатысты. Жиында өзге де маңызды сессиялар өтіп жатыр. Дәл қазір сол алаңнан әріптесім Темірлан Нұржанұлы бізбен тікелей қосылымда. Темірлан ...
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Қайырлы күн, Айнұр! Астана халықаралық форумының арнайы сессиясына Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелони қатысты. Италия Премьер-министрі қазіргі геосаяси ахуал және өңірлік ынтымақтастық туралы сөз сөйледі. Ол Марко Полоның саяхатын мысалға келтіріп, Орталық Азия батыс пен шығыстың тоғысатын жері екенін айтты. Әсіресе қиын-қыстау заманда бұл өңір аса маңызды. Сондықтан ынтамақтастық орнатуға мүдделіміз, — деді. Ал 1 сағат бұрын басталған 5 түрлі тақырыптағы панельдік сессиялар тәмам. Мемлекет және бизнес өкілдері, сарапшылар қатысқан жиында жаһандық сауданың болашағы, Орталық Азияның даму перспективалары және экономикалық тұрақтылық мәселелері талқыланды. Бағдарламада Жаңа Жібек жолдары, халықаралық экономикалық тәжірибе, сондай-ақ Ауғанстан Сауда және өнеркәсіп министрімен бетпе-бет сессия қамтылған.
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесіп, жиынның маңызына тоқталды. ...
Президент Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясына мүше елдердің спикерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы Парламент ...
Қазақстан Словакиямен екіжақты және көпжақты серіктестікті тереңдетуге ниетті. Мемлекет басшысы мен словак премьері кеңе ...