Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Шымкентте нысана көздеу мен стенд атудан Азия чемпионаты басталады. Сары құрлық біріншілігі 16-30 тамыз аралығында Shymkent Shooting Plaza спорт кешенінде өтеді. Азия чемпионатына 40 елден 1500-ден аса спортшы қатысады.
Шахматтан ел чемпиондары анықталды
Классикалық шахматтан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Астанадағы біріншілікке 30-ға тарта спортшы қатысты. Нәтижесінде бұрымдылар арасында 14 жастағы Елназ Қалиахмет танымал қарсыластары Меруерт Камалиденова, Амина Қайырбекова, Алуа Нұрман, Ксения Балабаеваны артта қалдырып, Қазақстанның ең жас чемпионы атағын иеленді. Зарина Нұрғалиева 2-ші, Меруерт Камалиденова болса үздік үштікті түйіндеді. Ал ерлер арасында Қазыбек Нөгербектің асығы алшысынан түсті. Чемпиондық тағдыры Қазыбек пен Денистің арасындағы қосымша рапид және блиц партияларында шешіліп, Қазыбек өз мансабында алғаш рет топ жарды. Павлодарлық Денис Махнев күміс, шығысқазақстандық Алдияр Аңсат қола жүлдеге қол созды. Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңге.
А. Бублик әлемнің 5-ші ракеткасын жеңді
Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстанның бірінші, әлемнің 62-ші ракеткасы төртінші айналымда әлемнің 5-ші ракеткасы, ұлыбританиялық 23 жастағы Джек Дрейпермен кездесті. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде Дрейпер жеңген. Ал осы жолғы бәсекеде олар топырақ төсенішінде алғаш рет кездесті. Бірінші партияда есеп 5:5 болған мезетте ұлыбританиялық спортшы брейк жасап кетті. Есесіне екінші сетте Бублик 6:3 есебімен есе қайырды. Қазақстандық теннисші үшінші сетті 6:2 есебімен аяқтады. Александр төртінші партияны брейкпен бастап, матчты жеңіспен түйіндеді. Осылайша қазақстандық теннисші өз спорттық жолында алғаш рет Франция ашық чемпионатының ширек финалына шықты. Енді Бублик жартылай финал жолдамасын әлемнің 1-ші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен сарапқа салады.