"Жеңілдетілген несие алуға көмектесем": Астанада 16 адамды алдаған алаяқ сотталды
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәлімет жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел жәрдем бригадалары стационарларға барлығы 15 адамды жеткізген. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары үйіне жіберілген.
"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және аса ауыр деп бағаланып отыр. Бір науқасқа ампутация жасалды. Зардап шеккендерге толық көлемде медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп жазылған басқарма хабарламасында.
Астананың №1 автобус паркі кеше кешке болған автобус апатына қатысты пікір білдірді.
"Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізуші жол бойындағы ақпараттық бағананы байқамай соқтығысқан", — деп жазылған хабарламада.
Жол апатынан жүргізушінің өзі зардап шекпеген.
Айта кетейік, кеше Астанадағы Республика даңғылында жолаушылар автобусы жол белгісі орнатылған тіреуішке соғылған болатын.
Бұған дейін 10 адам жарақат алып, әртүрлі ауруханаға жеткізілгені айтылды. Олардың екеуі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Tengri Astana (@tengri.astana)
Желіде жол апатының видеосы жарияланды, кадрларда жолаушылар автобусы Республика даңғылымен баяу жылдамдықпен келе жатқаны көрінеді. Бір сәтте жүргізуші тізгінге ие бола алмай, бағанаға соғылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Келтірілген шығын көлемі 4 млн теңгеден асады. Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп жұртты алда ...
Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсеткен . Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап кетуі салдарынан ауыр ж ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...