Қостанайда 2 миллиард теңге жымқырған шенеуніктер ұсталды
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Аталған облыста ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Қылмыстардың ашылу деңгейі 2,7%-ға артқан. Алайда, полиция департаментін әрбір төртінші қылмыстың мас күйінде жасалғаны алаңдатып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанайда өткен халықпен кездесуде облыстық полиция департаменті бастығы Ерлан Файзуллин 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, 45 келіден астам есірткі тәркіленіп, 8 заңсыз зертхана жойылған. 96 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбейгенімен, 2000-нан астам агрессор жауапқа тартылып, қорғау шаралары қабылданған. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 27%-ға төмендеген. Ал жол-көлік оқиғалары төрт есе өсіп, 492 адам зардап шеккен.
Polisia.kz хабарлауынша облыста 1000-нан аса бейнекамера жұмыс істейді, жасанды интеллект пилоттық режимде қолданыла бастады. Атты полиция жасағының орнына енді дрондар қолданылады.
Олар медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбат бағаға сатып алған. Қазіргі уақытта тергеу жалға ...
Қостанай облысының Федоров ауданында түнгі уақытта республикалық маңызы бар Астана – Қостанай – РФ шекарасы автожолы ...
Биыл Қостанай облысында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 547 пәтер сатып алынды. Өткен жылы өңірде жергілікті б ...