Қызылордалық оқушылар донорға арналған смарт-қосымша жасады
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында жаңа шағынаудан бой көтерді, деп хабарлайды 24KZ. Алғашқы үйлерге тұрғындар қоныстана бастады. Биыл тағы 12 пәтер мен 14 жеке үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде баспана кезегінде тұрғандар азаяды. Жалпы Ақтоғай ауданы бойынша үй кезегінде 314 адам тұр.
Шағынауданнан бірінші кезекте апатты үйлердің тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы және жас отбасылар мен мүгедектегі бар жандарға баспана беріледі. Алғашқы болып үй алғандардың бірі – Аңсаған Қабыхан. Екі баласы бар жас отбасы қазір үш бөлмелі жайлы үйде тұрып жатыр.
Аңсаған Қабыхан, ауыл тұрғыны:
- 2015 жылы үй кезегіне тұрдым. Жас маман ретінде «Атыңызда үй бар ма?», – деп жұмыстан да сұраған. Жұмыстан да кезекке тұрдым. Міне, үйді алып отырмыз, өте тамаша. Қыста жылы.
Жаңа шағынауданға электр желісі, су, кәріз құбыры толық тартылған. Жеке жылу қазандығы жұмыс істеп тұр. Инженерлік-инфрақұрылымдық жұмысқа бюджеттен 710 миллион теңге бөлінді. Былтыр бұл аумақта 11 үй салынып, оған тұрғындардың алғашқы легі қоныстанды.
Абылай Аманжолов, Ақтоғай ауданының әкімі:
- Біз былтырғы жылдан бастап осы Ақтоғайдың солтүстік шығаберісінде жаңа шағынауданның құрылысын бастаған болатынбыз. Қазіргі таңда ол жерлерде инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығы аяқталған болатын. Биылдың өзінде осы Ақтоғайдың басында екі қабатты 12 пәтерлі бір үй және 14 жеке үйді пайдалануға береміз.
Шағынаудандағы үй құрылысы аяқталған соң абаттандыру жұмысы басталады. Қоршаулар орнатылып, асфальт төселіп, ойын алаңдары салынады. Құрылыстың бас жоспары бойынша мұнда 300-ге жуық нысан бой көтереді. Бүгінгі таңда ауданға қарасты Сарышаған, Шашубай кенттерінде де жаңа үйлер салынып жатыр. Ал жалпы облыс бойынша биыл 5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарда.
Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамабев, Аман Хамит
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады . Жобаның мақсаты- тұрақты донар ...
Тау-кен металургия саласын мониторинг жасаудың жаңа құралы кеңінен қолданысқа енгізіліп жатыр. Ол бақылау к ...
Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстаннан қатынайтын ұшақтардың бағыты өзгеруі мүмкін. Air ...