"Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы" республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Байқауға елдің 11 өңірінен келген түрлі этнос өкілдері қатысты. 2025 жылдың 7 қарашасында Шымкент қаласында " ...
Қонаев қаласында жаз бойы әр апта сайын «Aspan fest» ән фестивалі ұйымдастырылады. Жақында фестивальдің алғашқы концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан көңілді кеш барысында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов «Таза аула» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
Салтанатты шарада аталған конкурсқа белсене қатысып, өз ауласын көз тартарлықтай етіп көгалдандырған тұрғындар арасында 3-орынды Қойшыманов көшесі №6 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғыны Лилия Петрушина иеленді. Ал 2-орын 5-шағын аудандағы №56 көпқабатты үйдің тұрғыны Абдували Асылбековке бұйырды, ал 1-орынды 3-шағын аудандағы №28Б көпқабатты үйдің тұрғыны Ольга Попова жеңіп алды.
Қаланың көркіне көрік қосып, табиғат пен ауланың жанашыры атанған азаматтарға 100, 200 және 300 мыңның сертификаттары табыс етілді. Бұл «Таза аула» конкурсының алғашқы кезеңі. Ерекше жарыс ары қарай да жалғасын табады.
Тұрғындарды жұдырықтай жұмылдырған «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастару. Аталған бағыттағы жұмыстар қала әкімдігімен жүйелі түрде жүргізілуде.
Алматы облысы
Байқауға елдің 11 өңірінен келген түрлі этнос өкілдері қатысты. 2025 жылдың 7 қарашасында Шымкент қаласында " ...
Конкурсқа қатысу үшін 112 873 өтініш қабылданды. Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік біл ...
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 6 шақырымнан астам жағажай абаттандырылатыны туралы қала әкімі Асха ...