Шри-Ланка 2025 жылдың басынан бері туризмнен 2,6 млрд доллардан астам табыс түсірді
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
АҚШ президенті Дональд Трамп тәртіпсіздік жайлаған Лос-Анджелеске теңіз күштерінің 700-дей жауынгерін кіргізуге бұйрық берді. Бұған дейін мегаполиске ұлттық гвардияның 4 мыңдай сарбазы тартылған еді. Ал осы шешімдерге қарсылық білдірген Калифорния губернаторы Лос-Анджелестегі жағдайды тұрақтандыруға қосымша 800 полиция жөнелтілетінін жариялады. Наразылық акциялары заңсыз мигранттарды тұтқындау рейдтеріне қарсылық ретінде басталды. Шерулер төртінші күнге созылып, талай көлік өртелді. Сонымен қатар, ондаған адам қамалған. Дегенмен, Би-би-си-дің хабарлауынша, Лос-Анджелестегі жағдай тынышталып келеді. Соңғы мәліметке қарағанда, иммиграциялық билікке қарсы демонстрациялар тоғыз қалаға тараған. Солардың қатарында Филадельфия, Нью-Йорк, Бостон, Хьюстон бар. Калифорния басшылығы болса, Вашингтондағы биліктің Лос-Анджелеске әскер кіргізуін «заңсыз» деп атап, президентті сотқа берді.
Роб Бонта, Калифорния штатының Бас прокуроры:
Мен губернатор Гэвин Ньюсоммен серіктесе отырып, президент Трампты сотқа бердім. Соттан мемлекет басшысының Калифорния Ұлттық гвардиясын федерализациялау жөніндегі заңсыз әрекетін доғаруды сұраймыз. Трамп пен қорғаныс министрі Пит Хегсет гвардияның мыңдаған сарбазын Лос-Анджелеске Калифорния губернаторының келісімінсіз және жағдайды жіті бақылап отырған жергілікті полицияның пікірін ескерместен кіргізіп отыр.
Айта кетсек, Трамп сайлауалды науқандарында заңсыз миграциямен күресті басты уәдеге айналдырды. Ақ үйге оралғаннан кейін ол сол уәдесін белсенді орындауға кірісті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Трамп әкімшілігі федералдық агенттіктерге күніне 3 мың адамды ұстауға тапсырма берген. Бұл іспен Иммиграциялық және кедендік полиция айналысып, қаңтардан бері Құрама Штаттарда 100 мыңдай заңсыз мигрантты тұтқындалыпты.
Арыстан Рысбек
2025 жылдың алғашқы он айында Шри-Ланка туризм саласынан 2,66 млрд доллар табыс тапты, деп хабарлайды Синьхуа аге ...
Әлемдік мәдениеттерді бір арнаға тоғыстыратын күн 2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш ...
Қытай АҚШ енгізетін 100 пайыздық баж салығына жауап ретінде қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Қытай Халы ...